Білім саласы
6B06 Ақпараттық-коммуникациял ық технологиялар
Дайындық бағыты
6B061 Ақпараттық-коммуникациял ық технологиялар
Дайындық бағыты
B057 Ақпараттық технологиялар
БББ мақсаты:
Кәсіби және әлеуметтік мәселелерді шешуде компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық өнімдерін, аппараттық және бағдарламалық қамтамаларын құруға және қолдануға қабілетті компьютерлік технологиялар мен бағдарламалық қамтамасызданды ру саласындағы жоғары білікті бакалаврларды даярлау
Компьютерлік жүйелер мен желілерді, клиент -серверлік қосымшаларды әкімшілендіру технологияларын, сондай - ақ ақпаратты қорғау және ақаулықтарды жою әдістері мен технологияларын меңгереді .
Белгілі бір тақырыптық саланың тапсырмаларын шешу кезінде жобаның математикалық - компьютерлік моделін әзірлейді және қолданады .
Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін ескере отырып, ғылыми пайымдарды қалыптастыру үшін ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазу дағдыларын пайдаланады.
Жаратылыстану ғылымдар саласындағы базалық білімді, фактілер, құбылыстар, теориялар мен кәсіби саладағы күрделі тәуелділіктерді қолданады.
Кәсіби қызмет саласында экономика негіздері, құқық және тіршілік қауіпсіздігі білімін қолданады.
Компьютерлік ойындар құрастыру кезінде 3D технологиялары мен бұлттық қызметтерді қолданады.
Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу кезінде заманауи технологиялар мен әртүрлі алгоритмдік бағдарламалау тілдерін қолданады.
Бағдарламалық жасақтаманы, деректер қорын және жасанды интеллект жүйесін әзірлеуде, сондай - ақ блокчейн қосымшалары мен IoT желілерін әзірлеу мен енгізуде әртүрлі аспаптық құралдарды тиімді қолданады.
Клиент - серверлік web-қосымшаларды және портативті құрылғыларға арналған Webқосымшаларды әзірлейді.
Электрондық сұлбалар мен аспаптарды бағдарламалау кезінде электроника, сұлбатехника негіздері туралы білімдерін көрсетеді.
Графикалық интерфейсті жобалау және дамыту, графикалық және/немесе пайдаланушы интерфейсін тестілеу нысандары мен әдістерін қолдану.Көрнекі ақпарат объектілерінің дизайнмакетінің сәйкестігін бақылау рәсімдері мен әдістерін әзірлеу.
Анимациялық графикалық нысандарды қолдана отырып, виртуалды ортада көп беттік басылымдарды енгізу.Ең шынайы материалды алу үшін бағдарламалау арқылы күрделі графикалық нысандарды әзірлеу.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
Жобалау-конструкторлық:
Өндірістік -технологиялық:
Ұйымдастырушылық
Ғылыми-зерттеу:
Пайдалану:
Бағдарламалық өнімдер, компьютерлік жүйелер мен желілерді аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету, кәсіпорындардың ақпараттық технологиялар инфрақұрылымының платформалары.
Оқыту бағытына лицензия нөмірі
03.02.2010 ж., АБ 0137401, ҚР БҒМ 28.03.2019 ж. №299 бұйрығы